Бүгінде құқықтық сауаттылық мәселесі қоғамда маңызды рөл атқарады. Өз құқықтары мен міндеттерін білу – әр азамат үшін қажетті дүние. Кей жағдайда заң талаптарын білмеу түрлі құқық бұзушылықтарға немесе түсініспеушіліктерге себеп болып жатады.
Мамандардың пікірінше, құқықтық мәдениет отбасынан және тәрбие арқылы қалыптасады. Әсіресе жастар арасында заң талаптарын түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі қажет.
Аудан тұрғыны Ақмарал Уразғалиеваның айтуынша, заңды білу күнделікті өмірде маңызды.
— Қазіргі қоғамда әр адам өз құқығы мен міндетін білуі керек деп ойлаймын. Заңды құрметтеу мен тәртіп сақтау – қауіпсіз қоғамның негізі. Мұндай түсіндіру жұмыстары жиі жүргізілгені дұрыс, — дейді тұрғын.
Мамандар құқықтық сауаттылықты арттыру қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететінін айтады.

