Қазіргі таңда заң мен тәртіп қағидаларын нығайтуда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр. Қоғамда заң талаптарын сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, әр азаматтың ішкі жауапкершілігіне де байланысты. Алайда кей жағдайларда құқықтық сауаттылықтың төмендігі мен заңға немқұрайлы қарау түрлі құқық бұзушылықтардың орын алуына себеп болуда.
Құқықтық мәдениет – адамның өз құқығы мен міндетін білуі, заңды құрметтеуі және қоғамдық тәртіпке саналы түрде бағынуы. Әсіресе жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды. Себебі заңды сыйлайтын, тәртіпке бағынатын ұрпақ қана тұрақты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыра алады. Сондықтан әр азамат құқықтық мәдениетті дамытуға үлес қосып, заң мен тәртіпті қоғамның басты құндылығы ретінде қабылдауы қажет.

