С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде 6–11 сынып оқушыларына арналған жиналыс өтті.
Кездесу барысында мектеп инспекторы Н.Садыхов оқушыларға заң мен тәртіптің маңызы түсіндіріліп, көктемгі демалыс кезіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар оқушыларға түнгі уақытта заңсыз жүрудің жауапкершілігі, мектеп формасын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп пен қауіпсіз мінез-құлық ережелері жөнінде ақпарат берілді.
Жиналыс барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды.
Аталған кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңды құрметтеуге және жауапкершілік пен тәртіпті сақтауға бағытталған тәрбиелік шара болды.

