Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мейрамбек Сахташов мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, оқушыларға буллингтің алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп және қауіпсіз мінез-құлық ережелері түсіндірілді. Кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениет пен тәртіпті қалыптастыру.


