Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

(0 Votes)

Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында 8–11 сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, тәртіпке бағыну және қоғамдағы жауапкершіліктің маңызы кеңінен түсіндірілді.

Шара аясында оқушыларға түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз сыртта жүрмеу, ойын-сауық орындарында болмау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, алкогольдік өнімдер мен темекі бұйымдарын тұтынбау, қауіпті заттарды алып жүрмеу, көлік құралдарын басқармау керектігі нақты айтылды.

Жиында сондай-ақ қорқытып алу, бопсалау, жаппай төбелес және ұрлық сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қозғалып, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау қажеттігі түсіндірілді.

Көктем мезгіліндегі қауіпсіздік те назардан тыс қалмады. Оқушыларға су айдындары маңындағы қауіпсіздік, өрттің алдын алу, табиғи газ бен электр құралдарын дұрыс пайдалану жөнінде профилактикалық кеңестер берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT