«Таза Қазақстан» акциясы адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын өзгертетін маңызды бастама деп ойлаймын. Бұрын көпшілік мән бермейтін дүниелерге қазір назар аударыла бастады. Бұл – қоғамдағы жақсы өзгерістің белгісі.
Ауданымызда ұйымдастырылып жатқан тазалық жұмыстарына тұрғындар белсенді қатысып, ортақ іске үлес қосуда. Осындай сәттерде адамдардың бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық танытатыны қуантады.
Тазалық тек сенбілікпен шектелмеуі керек. Әр адам күнделікті өмірде айналасын таза ұстап үйренсе, бұл үлкен нәтижеге әкеледі. Себебі таза орта – өзіміз үшін де, келешек ұрпақ үшін де маңызды.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тапса екен деген ойдамын.
— Аудан тұрғыны

