Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әкімшілік қамақта отырған азаматтармен Отбасын қолдау орталығының құқықтану мамандарымен бірлесіп кездесу өткізді.
Кездесу барысында азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, отбасы құндылықтарын сақтау, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, заң талаптарын орындау және құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, отбасылық мәселелер бойынша кеңес беріліп, әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету бағыттары айтылды.


