Халық кеңесіне сенім артамын

(0 Votes)

Мемлекет басшысы өз сөзінде елдегі түйіткілдерді ашық талқылайтын, жұрттың ұсыныс-пікірлерін сараптап, нақты шешімдер ұсынатын арнайы институт құруды көптен бері жоспарлап, оның құрылымы, атқаратын жұмысы жөнінде ұзақ ойланғанын жеткізді. 

Жаңа органның мәртебесі биік, жауапкершілігі жоғары екеніне, жалпыұлттық диалогты одан әрі тереңдете түсетініне  тоқталды. Президентіміздің сөзінен ұққаным  Халық кеңесі  Құрылтайдың жұмысына араласпайтын, өзіндік функциясы бар ұлтаралық бірлік пен жасампаздықты нығайтатын құрылым болып отыр. Оның әр өңірден сайланған мүшелері еліміз алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мен халықтың жағдайын жақсартуға  белсене атсалысады деген сенімдемін. Бұл Мемлекет  халыққа жақын, еститін мемлекет, жаңа Қазақстан құрудағы маңызды қадам деп есептеймін.

Жұмақай Ғұмаров, 

Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT