Қазақстан ЖИ саласында көшбасшы болуға ниетті

(0 Votes)

Астана қаласындағы Еуразиялық экономикалық форум аясындағы «Жасанды интеллект және бәсекелестіктің жаңа парадигмасы: ЕАЭО трансшекаралық нарықтарын дамытудың қатері ме әлде драйвері ме?» тақырыбындағы панельдік сессияда жасанды интеллект технологияларының нарықтарды трансформациялауға, цифрлық экожүйелерді дамытуға әсерін және жаңа цифрлық экономика жағдайында монополияға қарсы реттеу тәсілдерінің өзгеруі талқыланды.

Сессия барысында Қазақстанның цифрлық инфрақұрылым мен есептеу қуаттарынан бастап кадрлар даярлауға, заңнамалық базаға және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жасанды интеллектті толыққанды ұлттық экожүйесін жүйелі түрде қалыптастырып жатқаны айтылды. Еліміздің цифрлық даму деңгейі мен жасанды интеллектті енгізуге дайындығы бойынша Орталық Азияда көшбасшылық позицияға ие екені қаперге берілді.

2025 жылы Қазақстан ЖИ-ге дайындықтың жаһандық индексінде 195 мемлекеттің ішінде 58-орынды иеленді, электрондық үкіметті дамыту бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына кіргені мәлім болды. Бұл ретте мемлекеттік деректердің орталықтандырылған және қауіпсіз интеграциясын қамтамасыз ететін Smart Data Ukimet мемлекеттік платформасы ЖИ-ді енгізудің негізгі іргетасына айналғаны қуантады. Осының негізінде Қазақстан жекелеген цифрлық сервистерден data-driven мемлекетін құруға және мемлекеттік басқаруға жасанды интеллектті жүйелі түрде енгізуге көшкені де бұл салаға ден қойғанын көрсетеді. Мәлім болғанындай, цифрлық егемендікті қамтамасыз ету үшін Қазақстанда өзінің есептеу инфрақұрылымын белсенді түрде дамыту бағытында NVIDIA H200 жаңа чиптері негізінде екі жоғары өнімді суперкомпьютерлік кластер жұмыс істеп тұр.

«Қазақтелеком» іске қосқан AI-Farabi корпоративтік секторға, банк индустриясына және экспорттық нарықтарға бағытталып, өнімділігі бойынша әлемдік TOP500 рейтингіне кіруге мүмкіндік алды. Сонымен бірге Қазақстан үшін адами капиталды дамыту басым міндеттердің бірі болып қала береді. Халықты жасанды интеллектімен жұмыс істеудің негізгі дағдыларына оқытуға бағытталған алғашқы жасанды интеллект мектебі жұмыс істейді, ал университеттерде студенттер арасында ЖИ қолдану мен кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға бағытталған AI Sana бағдарламасы өмірімізге енді. Осылайша Қазақстан өзін жасанды интеллект саласында инновациялардың өңірлік орталығы және жаһандық технологиялық қоғамдастықтың сенімді серіктесі ретінде танытты.

Асанәлі Ғұмаров,

Қазақстан журналистер дағының мүшесі, информатика маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT