Қазақстан мен Корея арасындағы достық байланыстардың жылдан жылға нығайып келе жатқаны көңіл қуантады. Әсіресе екі елдің Парламенттері арасындағы өзара ықпалдастықтың артуы мемлекеттер арасындағы түсіністік пен сенімді тереңдете түсетіні сөзсіз.
Кореядан Қазақстанға қоныс аударған этникалық корейлердің бүгінде еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласып, қос халықтың арасындағы дәнекер болып отырғаны да ерекше мәнге ие. Ал келесі жылы корей халқының Қазақстанға қоныс аударғанына 90 жыл толуы – ортақ тарихымызды ұлықтайтын маңызды дата.
Еңбек жолында талай тарихи кезеңнің куәсі болған азамат ретінде мұндай игі бастамаларды жоғары бағалаймын. Елдер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы халықтар арасындағы достықтың да беки түсуіне жол ашады. Осындай өзара сыйластық пен берік серіктестік алдағы уақытта да жалғасын тапса, екі ел үшін де маңызды нәтижелерге бастайтыны анық.
Зоя ТЕМІРТАСҚЫЗЫ,
«Еңбек» ардагері


