Қауіпсіздік және құқықтық тәрбие мәселелері қаралды

(0 Votes)

Дина Нұрпейісова жалпы орта мектебінің 9–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 мамырдағы №06-01-06-02-46/5848 санды хаты және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 29 сәуірдегі №106-НҚ бұйрығы негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шаралар кезеңінде қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында орта білім беру ұйымдарында өткізілетін кештер, банкеттер, автокортеждер, «таңды қарсы алу» шаралары, табиғат аясындағы іс-шаралар және алау жанындағы жиындарды өткізуге тыйым салынғаны түсіндірілді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болмауы, ойын-сауық орындарында жүрмеуі, алкоголь өнімдерін тұтынбауы, темекі қолданбауы, шанышпалы-кесетін заттарды алып жүрмеуі, автокөлік, мотокөлік және мопед басқармауы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ бөтеннің мүлкіне қол сұқпау мәселесі де қамтылды.

Есірткінің, соның ішінде синтетикалық түрлерінің таралуына байланысты олардың зияны, құқықтық жауапкершілігі және жасырын сақтау мен сатудың салдары туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алыс жолдарға ата-анасыз жібермеу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі, су айдындарындағы және электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар табиғат аясына ата-анасыз баруға жол бермеу жөнінде қатаң ескертілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT