Заң мен тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, бұл – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Әсіресе жастардың заң талаптарын біліп, өз әрекетінің салдарын түсінуі маңызды деп санаймын. Қоғамдық орында тәртіп сақтау, жол ережесін бұзбау, өзгенің құқығына құрметпен қарау сияқты қарапайым қағидалардың өзі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Тәртіпті қоғам құру үшін әрқайсымыз өзімізден бастап, заңға құрметпен қарауымыз керек.
Бекзат БЕКЕЖАНҰЛЫ


