«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Құрманғазы ауданында учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ренат Мұқашев мектеп әкімшілігімен бірлесіп, тұрғын үйлерді аралап, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Аралау барысында отбасылардың тұрмыстық жағдайы зерделеніп, жылыту қазандықтары мен электр құрылғыларының қауіпсіздігіне назар аударылды. Сонымен қатар, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында тұрғындарға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


