Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру туралы бастамасын толық қолдаймын.
Қаржының ашық әрі тиімді жұмсалуы – халық сенімін арттырудың маңызды кепілі. Комиссия құрамына қоғам өкілдерімен қатар журналистер мен волонтерлердің енгізілуі қоғамдық бақылаудың пәрменділігін арттыра түседі. Ең бастысы, бөлінген қаражат мақсатты жұмсалып, әрбір құрылыс нысаны сапалы салынып, халық игілігіне қызмет етуі тиіс. Бұл – ашықтықты қамтамасыз етіп, жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам.
Әділет АМАНГЕЛДІ


