Қазақстанның қуатты болғаны аса маңызды

(0 Votes)

Өңірімізден сайланған Құрылтай депутаттары Арман Хайруллин мен Мұса Хайруллиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Назарбек Қосшиев және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев, Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхамбетов облыс орталығындағы бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндірдіргенін хабардар болып отырмын.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы осылайша еліміздің даму бағытын айқындап берген құжатта айтылған елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары, экономиканы жаңғырту, әлеуметтік саясатты жетілдіру және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелерді назарға берді. Білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту, еңбек нарығын жетілдіру және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағыттарын да тілге тиек етті. Бұл жиындардың өзгешелігі тек ақпарат берумен, жалпылама түсіндірумен шектелмей, бұдан бұрын да белгіленген стратегиялық бағыттарды сабақтастыра сөйлеуінде болды. Келер ұрпаққа қуатты, өркендеген, экономикалық тұрғыдан тәуелсіз, жігерлі, рухы мықты халқы бар егемен мемлекетті қалдыру мақсаты көзделіп отырғандығын санаға құя білді.

Бауыржан АҚПАНОВ,

Бірлік ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT