Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің Ақкөл полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Олжас Сдыхов учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақкөл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауыл аумағын аралады.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен ашық әңгіме жүргізіліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мал ұрлығына жол бермеу, тұрғын үйлердің қауіпсіздігін сақтау және қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалып, оларды шешу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды кез келген құқық бұзушылық немесе күмәнді жағдай туралы полицияға дер кезінде хабарлауға шақырды.


