«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында балабақша қызметкерлерімен кездесу өткізілді

(0 Votes)
 
«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақкөл ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, Ақкөл полиция учаскесінің жаңадан тағайындалған бастығы полиция капитаны Олжас Сыдықов Ақкөл ауылындағы «Нұрай» бөбекжай-балабақшасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
 
Кездесу барысында мекеме қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бөтен адамдардың күмәнді әрекеттеріне назар аудару жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Сонымен қатар полиция қызметкері қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді. Тұрғындармен және ауылдағы мекеме ұжымдарымен тұрақты байланыс орнатудың маңыздылығы атап өтілді.
 
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың полицияға деген сенімін арттыру және ауылдағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру.
 
Қауіпсіздік – ортақ міндет!

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT