Тұрғын үйлердегі өрт оқиғаларының басым бөлігі қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болады. Электр құрылғыларын қараусыз қалдыру, ақауы бар сымдарды пайдалану немесе ашық отқа бейжай қарау үлкен қауіпке әкелуі мүмкін.
Мамандар үйден шығар алдында электр құралдарының сөндірілгеніне көз жеткізуге, балаларды отпен ойнамауға үйретуге және өрт қауіпсіздігі ережелерін тұрақты түрде еске салып отыруға шақырады.
Өрттің алдын алу – әр отбасының ортақ міндеті. Қарапайым сақтық шаралары адам өмірі мен мүлкін қорғауға көмектеседі.

