– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысуы – еліміздің халықаралық деңгейдегі беделі мен бейбітшілікке негізделген саясатының айқын көрінісі. Мұндай басқосулар көршілес елдер арасындағы өзара сенімді нығайтып, экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.
Бүгінде Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығы – өңірдің тұрақты дамуы мен халықтардың әл-ауқатын арттырудағы маңызды факторлардың бірі. Президентіміздің көрші елдермен достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған бастамаларын әрдайым қолдаймын. Себебі татулық пен өзара түсіністік бар жерде ғана береке мен даму болады.
Елдер арасындағы осындай кездесулер болашақ ұрпақтың бейбіт, қауіпсіз әрі тұрақты ортада өмір сүруіне негіз қалайды. Сондықтан Қазақстанның сындарлы сыртқы саясаты алдағы уақытта да өз жемісін береді деп сенемін.
Зоя ТЕМІРТАСҚЫЗЫ, ауданның "Еңбек" ардагері

