Бүгінде Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықтың нығаюы – бүкіл өңірдің дамуына оң әсер ететін маңызды үдеріс. Мемлекет басшысының өңірлік ықпалдастықты күшейтуге бағытталған бастамалары елдер арасындағы достық пен өзара қолдаудың жарқын көрінісі деп санаймын. Әсіресе Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырластық байланыстардың жаңа деңгейге көтерілуі – ортақ тұрақтылық пен өркендеуге бастайтын маңызды қадам. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан Орталық Азия ғана жаһандық сын-қатерлерге төтеп беріп, халықтардың әл-ауқатын арттыра алады.
Жамбыл АБОЛҰЛЫ, аудан ардагері

