Интернет алаяқтық – қазіргі таңда қоғамға қауіп төндіріп отырған өзекті мәселелердің бірі.
Алаяқтар түрлі жалған хабарламалар, қоңыраулар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, жеке мәліметтері мен қаражатын иемденуге тырысады. Сондықтан бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпия ақпараттарды бермеу қажет.
Күмәнді сілтемелерге өтпей, кез келген ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексерген дұрыс. Интернетті қауіпсіз пайдалану – әр азаматтың өз жауапкершілігінен басталады.
Өз тілшіміз


