Интернеттегі құқықтық қауіпсіздік маңызды
Қазіргі таңда интернет кеңістігіндегі құқықтық қауіпсіздік мәселесі өзекті болып отыр. Әлеуметтік желілер мен түрлі платформалар арқылы таралатын жалған ақпарат пен интернет алаяқтық деректері жиілеп келеді. Бұл тұрғындардың қаржылық және ақпараттық қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуде.
Мамандардың айтуынша, интернет қолданушылар күмәнді сілтемелерден сақ болып, жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет. Сонымен қатар тек ресми ақпарат көздеріне сену маңызды.
Журналист Ақбота Абатқызының пікірінше, ақпараттық қауіпсіздік қазіргі қоғам үшін аса маңызды бағыттардың бірі.
— Қазір интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылық түрлері көбейді. Сондықтан тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру қажет деп ойлаймын. Әсіресе әлеуметтік желідегі күмәнді ақпараттарға сақтықпен қарау маңызды, — дейді ол.
Мамандар интернеттегі қауіпсіздік талаптарын сақтау құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектесетінін айтады.

