Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты интернет адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда интернет кеңістігінде де заң талаптарын сақтау қажет. Жалған ақпарат тарату, кибербуллинг, алаяқтық және жеке деректерді заңсыз пайдалану құқық бұзушылық болып саналады.
Интернет қолданушылары өздерінің жеке мәліметтерін қорғауға, күмәнді сілтемелерге кірмеуге және желідегі әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тиіс. Әсіресе жастардың цифрлық қауіпсіздік ережелерін білуі маңызды.
Заң талаптарын сақтау тек шынайы өмірде ғана емес, виртуалды ортада да қажет. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, интернет мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
-Мадина Ерболатқызы, тілші

