«Қазіргі таңда интернет алаяқтық қоғам үшін өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі жалған ұсыныстар арқылы олардың ақшасын иемденуге тырысады. Әсіресе, әлеуметтік желілердегі жалған ұтыстар, тиімді инвестиция туралы ұсыныстар және банк қызметкері ретінде хабарласатын алаяқтар жиі кездеседі.
Сондықтан әрбір азамат интернетті пайдалану кезінде сақтық танытып, жеке мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуі қажет. Банк картасының деректерін, SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтуға болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтпей, белгісіз адамдардың ұсыныстарына сенбеу маңызды.
Менің ойымша, интернет алаяқтықтың алдын алу үшін халықтың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру қажет. Әр адам өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, жақындарын да сақтық шараларынан хабардар етуі тиіс. Алаяқтыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет».


