Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің басты қауіптерінің бірі

(0 Votes)

Қазіргі таңда интернет алаяқтық қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты алаяқтар да түрлі заманауи тәсілдерді қолдана бастады. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жалған хабарламалар таратып, азаматтардың жеке деректері мен банк карталарының мәліметтерін иемдену жағдайлары жиілеп кетті. Кей жағдайда олар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе таныс адам ретінде таныстырып, адамдарды алдап соғуда.

Мұндай қылмыстардың салдарынан көптеген азаматтар қаржылай шығынға ұшырап, жеке мәліметтерінен айырылып жатыр. Сондықтан интернет қолданушылар ақпараттық қауіпсіздік талаптарына ерекше мән беруі қажет. Белгісіз сілтемелерге өтпеу, күмәнді аккаунттарға сенбеу және құпия кодтарды бөгде адамдарға бермеу – алаяқтықтың алдын алудың негізгі жолдары. Интернеттегі қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың маңызды міндеті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT