Тұрмыста табиғи газды пайдалану үлкен жауапкершілікті талап етеді. Газ жабдықтарын дұрыс қолданбау немесе қауіпсіздік ережелерін сақтамау түрлі төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандар газ құрылғыларының техникалық жағдайын тұрақты бақылап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Әсіресе тұрғын үйлерде газ иісі байқалған жағдайда уақыт оздырмай тиісті мамандарға хабарласу қажет. Қарапайым сақтық шаралары адам өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

