Есірткі – адам өміріне қауіп төндіріп, қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін қауіпті дерт.
Оның зардабы тек бір адамның тағдырына ғана емес, тұтас отбасының болашағына да әсер етеді. Сондықтан есірткіге қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет.
Әсіресе, жас ұрпақты зиянды әдеттерден сақтандырып, салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, есірткісіз өмірді таңдауы керек. Жастардың жарқын болашағы мен еліміздің қауіпсіздігі үшін есірткіге қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде жалғасуы қажет. Есірткісіз қоғам – дені сау ұлттың кепілі!


