ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДАҒЫ АЗАМАТТАРМЕН ЖЕКЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

(0 Votes)
 
Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында сот шешімімен мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген есептегі азаматтарды бақылау жұмыстарын күшейтті.
Профилактикалық шара барысында азаматтардың тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, оларға сот жүктеген шектеулерді сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және заң талаптарын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ әр азаматпен жеке профилактикалық әңгіме өткізіліп, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға басымдық берілді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT