«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған тазалық жұмыстары біз үшін үлкен маңызға ие.
Акцияға қатысу арқылы туған өлкеміздің тазалығына бейжай қарамау керектігін түсіндік. Бірлесе атқарған жұмыс нәтижесінде айналамызды ретке келтіріп, қоршаған ортаның тазалығына өз үлесімізді қостық.
Мұндай шаралар жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және табиғатты құрметтеуге тәрбиелейді. Әрбір адам тазалықты өз ауласынан, көшесінен және күнделікті өмірінен бастауы қажет.


