Интернет арқылы сауда жасау бүгінде қалыпты құбылысқа айналды. Тұрғындар киім-кешек, техника және басқа да қажетті заттарды онлайн сатып алуға дағдыланған. Алайда электронды сауданың кең таралуымен бірге интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері де пайда болуда.
Кейбір алаяқтар жалған интернет-дүкендер ашып, тауар үшін алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шықпай қояды. Сонымен қатар шындыққа жанаспайтын арзан ұсыныстар арқылы азаматтарды алдап соғу жағдайлары кездеседі.
Сондықтан мамандар интернет арқылы сатып алу кезінде сатушының сенімділігіне көз жеткізіп, пікірлерді қарап шығуға және күмәнді ұсыныстардан бас тартуға кеңес береді. Қарапайым сақтық шаралары қаржылық шығынның алдын алуға көмектеседі.

