Премьер-министр қызметіне Президентіміз Олжас Бектеновті ұсынып, оны Құрылтай депутаттары қолдап, сенім артты.
Олжас Абайұлының мемлекеттік қызмет тәжірибесінде сыбайлас жемқорлықпен күресте өзіндік орнын атап өтпеуге болмайды. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болса, 2023 жылы төрағалығына тағайындалды. Өз тарапынан жемқорлықты азайтуға үлесін қосты. Кейін үлкен сенім білдіріліп Президент әкімшілігінде басқарды. Бір жылдан кейін Үкімет басшысы болып тағайындалды. Енді міне жаңа Құрылтай тұсында сол қызметіне қайта кіріскелі отыр. Бұл жұмыста тәжірибесі жеткілікті. Өзінің біліктілігімен заманауи талаптарға сай қызмет жасап, Үкімет қызметін алға апарады деп санаймын.
Жұмақай Ғұмаров,
Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы


