Қоғамдағы экологиялық мәдениеттің деңгейі адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасынан байқалады. Табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау мәселесіне бейжай қарамау – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі.
Сарапшылардың айтуынша, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстардың нәтижелі болуы тұрғындардың белсенділігіне тікелей байланысты. Әсіресе жастардың экологиялық бастамаларға қатысуы қоғамның оң өзгерістерге дайын екенін көрсетеді.
Экологиялық мәдениет тек бүгінгі күн үшін емес, болашақ ұрпақ үшін де маңызды. Сондықтан табиғатты аялау әр азаматтың өмірлік қағидасына айналуы қажет.
— Айша Келбетқызы, аудан тұрғыны

