Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Ауданның бірқатар аумақтарында ұйымдастырылған сенбіліктер барысында көшелер тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтірілуде.
Тазалық жұмыстарына тұрғындармен қатар түрлі мекеме қызметкерлері мен жастар белсенді қатысып келеді. Акция барысында санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылуда.
Осындай шаралар ауданның көркеюіне оң әсерін тигізіп, тұрғындардың тазалыққа деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуде.
— Балғаным Хасенқызы, Аналар кеңесінің төрағасы

