Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбіліктерге тұрғындар мен жастар белсенді қатысып, қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына жұмылдырылуда.
Тазалық шаралары барысында көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылып, саябақтар мен әлеуметтік нысандар маңы ретке келтірілді. Сонымен қатар, санитарлық жағдайды жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Мұндай шаралар ауданның тазалығы мен көркеюіне оң ықпал етіп, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға септігін тигізуде.
— Гүлдана Бергалиева, аудан тұрғыны

