Экологиялық қауіпсіздік мәселесі бүгінде әрбір мемлекеттің даму стратегиясында маңызды орын алады. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау – болашақ ұрпаққа жасалатын ең үлкен қамқорлықтың бірі.
Тазалық мәдениетін қалыптастыру тек акциялар өткізумен шектелмеуі керек. Ең бастысы – адамның күнделікті өмірінде табиғатқа деген жауапкершілігі артуы. Сонда ғана экологиялық бастамалардың нәтижесі ұзақ мерзімді болады.
Туған жердің табиғатын аялау – әр азаматтың азаматтық ұстанымын көрсететін маңызды құндылық.
— Ақмарал Оразғалиева, аудан тұрғыны

