Бүгін өткен Құрылтайдың жалпы отырысында Президентіміз ұсынған кандидатура депутаттар тарапынан қолдау тауып, Ерлан Карин вице-президент болып тағайындалды.
Бұл азамат сырттан келген, басқару ісінен хабарсыздар қатарына жатпайды. Мемлекет басшысы дұрыс таңдау жасаған. Ерлан Карин бұған дейін бірқатар лауазымды қызметтерді атқарды, мемлекеттік қызметте көрген-түйгені мол. Бәрінде де абырой биігінен көрінді. Соның ішінде 2020 жылдан бастап Президенттің көмекшісі, Мемлекеттік хатшы, Мемлекеттік кеңесші сынды жоғары лауазымдар бар. Оның білікті басшы ретінде вице-президент қызметін ұршықтай үйіріп алып кетеріне, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға, еліміздің дамуына, сыртқы және ішкі саясатына қосар үлесі мол боларына, біздер ардагерлер үлкен сенім білдіреміз.
Ержан Ғайнетов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы


