Әділетті заңдар қабылданатын болды

(0 Votes)

Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңдарымыз әділетті, халыққа түсінікті, заман талабына сай болуы, әр тармағы тыңғылықты қаралуы керек деген сөзімен келісемін.

Қазір кейбір заңдарымызда қарама-қайшылық бар екені көпшілікке мәлім. Енді бұл кемшілік орын алмайды деген пікірдемін. Сол сияқты цифрлық қызметтерді де бір жерге тоғыстырудың маңызы бөлек. Оларды пайдалану тиімді бола түседі.

Президентіміз Құрылтайдың қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде жауап қататын құрылымға айналғанын қалайды. Бұл жерде Мемлекет басшысы мен халықтың пікірі бір.

Сессияда Президентіміз көші-қон саясатын жетілдіру, кітапхана ісі мен баспагерлік, ерекше балаларды жан-жақты қорғаудың тиімді жүйесін құру және басқа да алдағы қабылданатын заңдарға тоқталды.

Солардың ішінен 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіде отыруына тыйым салатын заңға мән беруді айтқанын қолдаймын. Жалпы Құрылтайдың сайлануы ел дамуы үшін жасалған маңызды қадам екеніне сенімім мол.

Асқар Ғұмаров,

ардагер журналист, өлкетанушы, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT