Қоғамның дамуы мен елдің өркендеуі заңның үстемдігіне тікелей байланысты. Заң бәріне бірдей болған жерде әділдік орнап, халықтың мемлекетке деген сенімі нығая түседі. «Заң мен Тәртіп» қағидаты азаматтардың құқықтарын қорғап қана қоймай, олардың жауапкершілігін де арттырады. Әрбір азамат қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын орындауды өзінен бастауы қажет. Сонда ғана елімізде қауіпсіздік пен тұрақтылық нығайып, бірлігі бекем, болашағы жарқын Қазақстанды бірге қалыптастыра аламыз.
Нұрсамал КЕНЖЕТАЙ

