Әділетке бастар жол – заңды құрметтеуден басталады

(0 Votes)

Менің ойымша, кез келген елдің дамуы мен тыныштығы заңның үстемдігіне тікелей байланысты. «Заң мен Тәртіп» қағидаты адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырып, қоғамдағы жауапкершілікті күшейтеді. Заң талаптарын орындау – тек міндет қана емес, өркениетті қоғамның белгісі.

Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, өзгелердің құқығын құрметтеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен мәдениеттің көрінісі. Осындай құндылықтарды күнделікті өмірде ұстансақ, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптасады. Сондықтан әрбір тұрғын заңды құрметтеп, қоғамдағы тәртіптің сақталуына өз үлесін қосуы тиіс деп ойлаймын.

Сәнім МАРАТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT