Дала қырандарына марапат

(0 Votes)

Көшпенділер ойындары — ежелгі көшпенді халықтардың дәстүрлі спорт түрлерін жандандыру, әлемге насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын ірі халықаралық спорттық шара.

Алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанда бастау алып, көпшілік арасында танымал болды. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ағы да айыр қалпақты ағайындардың елінде өтті. Әр өткен дәстүрлі дода басқа елдерге қарағанда Қырғызстан мен Қазақстан арасында өте тартысты бәскелестікпен аяқталады. Бұл жолғы көшпенділер ойынын Қазақ елінің спортшылары табысты аяқтап, ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып, ел абыройын асқақтатты. Спортшыларымыздың 74 медаль, оның ішінде 32 алтын жүлде иеленді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың бапкерлерін арнайы марапаттады. Марапаттау кезінде Президентіміз «Ең алдымен баршаңызды Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер шын мәнінде тамаша өнер көрсетіп, Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін дүниежүзіне паш еттіңіздер. Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру — нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады деп айтсақ, әділетке сай сөз болады. Мен Президент ретінде баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге тұтас халқымыз жанкүйер болды. Мен де бұл доданы мұқият бақылап, қарап отырдым» деп спортшыларымызға жетістіктері үшін алғысын айтып, әр додада еліміздің көк байрағын биікке көтере беруге тілектестігін жеткізді. 

Айбек НӘЖІМОВ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT