Мектептегі және интернеттегі буллинг мәселесі соңғы жылдары жиі көтеріліп келеді. Психологиялық қысым мен қорлау балаға ғана емес, оның болашағына да кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу тек мұғалімдердің емес, ата-аналар мен қоғамның да ортақ міндеті.
Мамандардың айтуынша, балаларды өзара құрметке, сыйластыққа тәрбиелеу және олардың мәселесіне дер кезінде назар аудару маңызды.
Ақбота Абатқызы, журналист:
– Буллинг мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды. Әр бала өзін қауіпсіз сезінуге құқылы. Сондықтан балалар арасында мейірімділік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру маңызды деп есептеймін.

