Есірткі – адамның денсаулығына, өміріне және жақындарының тыныштығына кері әсер ететін қауіпті дерт.
Оның зардабы бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның болашағына әсер етеді. Әсіресе жастардың зиянды әдеттерден аулақ болып, бос уақытын пайдалы іске арнауы маңызды.
Салауатты өмір салтын таңдау, спортпен айналысу, білімге ұмтылу және жақсы орта қалыптастыру – жарқын болашақтың негізі. Әрбір азамат есірткінің зияны туралы түсініп, оның таралуына жол бермеуге өз үлесін қосуы қажет деп есептеймін.
Қисымов Фархад


