Бөкейхан ауылында кезекті сенбілік өткізілді

(0 Votes)

Бөкейхан ауылында санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру мақсатында кезекті сенбілік өткізілді.

Сенбілік барысында ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және кәсіпкерлік нысандарының иелері өздеріне тиесілі аумақтарды тазалап, шөптерін шауып, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылды. Туған ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне бейжай қарамай, сенбілікке белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосқан барлық ауыл тұрғындарына, мекеме ұжымдарына, кәсіпкерлерге және тазалық жұмыстарына атсалысқан азаматтарға Бөкейхан ауылдық округі әкімі аппаратының атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.

Таза әрі көрікті ауыл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осындай игі бастамаларға алдағы уақытта да белсенді қатысып, ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосамыз деп сенеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT