«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды ортақ мақсатқа біріктіріп отырған игі бастама деп ойлаймын. Ауыл жастары, еріктілер, мекеме қызметкерлері мен қарапайым тұрғындардың бірлесіп еңбек етуі – ауызбіршіліктің жарқын көрінісі. Осындай шаралар арқылы қоршаған ортаны таза ұстап қана қоймай, жас ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын насихаттаймыз. Әр адам өз үлесін қосса, ауданымыздың көркі одан әрі арта түсетініне сенімдімін.

