Бірлік ауылдық округінде ауыл тұрғындары арасында интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторы С. Габдулов тұрғындарға интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық тәсілдері туралы айтып, жеке мәліметтерді, банк картасының деректерін және SMS арқылы келетін кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігін түсіндірді.
Сонымен қатар, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз қоңырауларға сақтықпен қарау және интернет арқылы жасалатын қаржылық операцияларда қырағылық таныту жөнінде кеңестер берілді.
Іс-шараға қоғам өкілдері, еріктілер, жастар, қоғамдық пікір көшбасшылары, блогерлер және ақпаратты кеңінен таратуға ықпал ететін өзге де белсенді азаматтар тартылды.
Негізгі мақсат – тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттырып, интернет алаяқтықтың құрбаны болудың алдын алу.


