Адам өмірі – ең қымбат құндылық. Қиындыққа тап болған кезде мәселені жалғыз шешуге тырыспай, жақын адамдармен сөйлесу және дер кезінде көмекке жүгіну маңызды.
Кейде адамның көңіліндегі ауыр жағдайды сырт көз байқамауы мүмкін. Сондықтан отбасы мүшелеріне, достарға, әріптестерге және жастарға түсіністікпен қарап, олардың жағдайына бейжай қарамаған жөн.
Қиын кезең уақытша болуы мүмкін, ал өмірдің өзі – қайталанбас құндылық. Бір ауыз жылы сөз бен дер кезінде көрсетілген қолдау адамның үмітін қайта оятуы мүмкін.
Сымбат Райымбекқызы


