«Таза Қазақстан» акциясының маңызы — адамдарды ортақ іске біріктіруінде. Аула тазалау, ағаш отырғызу немесе қоқысты жинау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаға оң әсер етеді. Ең бастысы — тазалыққа деген көзқарасты қалыптастыру. Әр адам өз аумағына жауапкершілікпен қараса, елді мекеніміз де таза әрі жайлы бола түседі.
Іңкәр ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ


