Меніңше, «Таза Қазақстан» акциясының басты мәні – адамдарды тазалық жұмыстарына жұмылдырумен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруында. Әсіресе жастардың осындай шараларға белсенді қатысуы маңызды. Себебі табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстау – кейінгі буынға көрсететін жақсы үлгі. Өзіміз тұрған аумақты таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау, табиғатқа ұқыпты қарау – әр адамның күнделікті өміріндегі қарапайым, бірақ маңызды жауапкершілігі.
Нұрайым ҚАЙРАТ


