Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге нашақорлықтың зияны мен оның адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсерін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Кино көрсетілімі барысында оқушылар есірткіге тәуелділіктің қоғам үшін қауіпті індет екенін ұғынып, одан аулақ болудың маңыздылығын түсінді. Көрсетілімнен кейін пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың саналы, дені сау, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.



