«Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 27 шілдеде Балқұдық ауылында құқықтық-профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға округ мамандары мен учаскелік полиция инспекторы қатысып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарда тазалық сақтау, абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын орындаудың маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындарға әрбір азаматтың туған жердің тазалығын сақтауға, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қосатын үлесі маңызды екені айтылды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, заңға құрметпен қарайтын, жауапкершілігі жоғары қоғам қалыптастыру екені ерекше атап өтілді.

